2026 жылғы 19 наурызда облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

2026 жылғы 19 наурызда облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

2026 жылғы 19 наурызда облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Онда бірнеше мәселе қаралды.
Ең алдымен отырыста ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді әрі ұтымды пайдалану мәселелері талқыланды. Бұл мәселе бойынша облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Н.Ержанов баяндама жасады.
Бұдан кейін Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Қ.Оразалин төтенше жағдайлар департаментінің көктемгі су тасқынына дайындығы жайында баяндап берді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта дайындықта 2 мыңнан астам адам, 881 техника, 2 әуе кемесі, 450 мотопомпа және 105 жүзу құралы бар.
Ақтөбе қаласы және аудандық әкімдіктермен қосымша резервтер жасақталған: 300 мыңнан астам қап, 15 мыңтонна инертті материал, 92 тонна жанар-жағармай, сондай-ақ 13 млн теңгеден астам сомаға азық-түлік қоры. Жалпы сыйымдылығы 45 мыңнан астам адамды қамтитын 221уақытша орналастыру пункті дайындалды.
Комиссия отырысында өңірдегі туризмнің қазіргі жағдайы және даму перспективалары туралы да мәселе қозғалды. Депутаттар басқарма басшыларына сауалдарын қойып, ұсыныс-тілектерін жеткізді.