
2026 жылғы 30 қаңтарда облыстық мәслихаттың кезектен тыс жиырма үшінші сессиясы өтті.
Оған облыс әкімі Асхат Шахаров қатысты.
Сессия отырысында облыстық мәслихаттың 2025 жылғы 10 желтоқсандағы №298 «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселе қаралды. Бұл мәселе туралы облыс әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов баяндама жасады.
Оның айтуынша, алдағы үш жылда облыста әлеуметтік нысандарды салу, инфрақұрылымды дамыту және жол инфрақұрылымын жаңарту көзделеді. Сондай-ақ, медициналық құрал-жабдықтар мен жедел жәрдем көліктерін сатып алу, ауыл шаруашылығы жобаларын қаржыландыру қарастырылады. Ауыл-аймақтардың дамуына да басты назар аударылады.
Отырыста депутаттар баяндамашыға өз сауалдарын қойып, ұсыныс-тілектерін жеткізді. Білім беру, денсаулық, ауыл шаруашылығы, төтенше жағдай, т.б салалардағы қордаланған мәселелер талқыланды.
Жиынды қорытындылаған облыс әкімі бюджеттен бөлінетін қаржы нақты мақсаттарға жұмсалуы керектігін, халықтың әл-ауқатын көтеруде алдағы жылдары жаңа жобалар жүзеге асатынын жеткізді.