
Облыстық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына мүшелер сайлау туралы Ақтөбе облыстық мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ
Облыстық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына мүшелер сайлау туралы Ақтөбе облыстық мәслихатының
ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты облыстық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына мүшелер сайланатындығы туралы хабарлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері 2026 жылғы 26 ақпаннаң 18 наурызға дейін облыстық мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) округтік сайлау комиссиясының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партия, өзге де қоғамдық бірлестік органы, олардың құрылымдық бөлімшелері отырысының хаттамасынан үзінді көшірме;
2) саяси партияны, өзге де қоғамдық бірлестікті, олардың құрылымдық бөлімшелерін әділет органдарында тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін)тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) облыстық мәслихатқа кандидаттың белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясыныңжұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші (өтініш нысанын мәслихаттан алуға болады).
Облыстық сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі тиісті комиссия орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруы тиіс.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы,мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 18 наурызға дейін (қоса алғанда) жүзеге асырылады.
Облыстық мәслихаттан құжаттарды қабылдау бойынша жауапты тұлға – Айгүл Егізбайқызы Дүйсенова, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40, каб. №206, қалааралық телефон коды (87132), қызметтік 54-44-106, факс 54-34-75, электрондық почта мекен-жайы aqtobeoblystyqmaslihaty@gmail.com.
|
Округтік сайлау комиссиясының нөмірі |
Сайлау комиссиясының орналасқан жері |
Бос орындар саны |
|
№ 13 округтік сайлау комиссиясы |
Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, Ж.Жабаев көшесі, 64 А, «Қандыағаш қаласы әкімі аппараты» ММ ғимараты |
1 |