Шығып қалғандардың орнына Қоғамдық кеңестің жаңа мүшелерін бекіту туралы

Шығып қалғандардың орнына Қоғамдық кеңестің жаңа мүшелерін бекіту туралы

Облыстық мәслихат төрағасының

ӨКІМІ

2026 жылғы 17 ақпан                    №14

 

Шығып қалғандардың орнына Қоғамдық кеңестің жаңа мүшелерін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 28 наурыздағы №112 бұйрығымен бекітілген, Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереженің 37-тармағына, Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесі төрағасының 2029 жылғы 9 ақпандағы №01-9/9 хатына және Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің бірлескен отырысының 2026 жылғы 4 ақпандағы №1 хаттамасына сәйкес:

  1. Азаматтық қоғамнан Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің құрамына кіретін, Қоғамдық кеңестің резервтік тізімінен қабылдаған келесі жаңа мүшелер шығып қалғандардың орнына бекітілсін:

 

ӘБІШЕВА

Нұргүл Молдабайқызы

 

өзін-өзі ұсынушы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры

БОЛАТОВ

Ислам Болатұлы

 

өзін-өзі ұсынушы, «Ақтөбе облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау орталығы» ҚБ төрағасы

 

ТАЙШИЕВА

Разида Әлімжанқызы

 

өзін-өзі ұсынушы, жеке кәсіпкер

ҒИЛАЖ

Қуаныш Сағидоллаұлы

 

өзін-өзі ұсынушы, «PetroMarineSupport» ЖШС директоры

 

  1. Тиісті ақпарат Ақтөбе облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

        Облыстық

мәслихаттың төрағасы                                                                Г. Сүйінтаева