
Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында салық салынатын базаны кеңейту және «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.
Аталған мәселелер бойынша облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Н.Мақсатов және Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Т.Қозбеков баяндама жасады.
Т.Қозбековтің айтуынша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті бюджет жоспары 101,8% пайызға орындалған. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда түсімдердің өсу қарқыны 108,4% немесе 24,1 млрд. теңге артық түсіп отыр. Оның ішінде облыстық бюджет жоспары 102,1% пайызға орындалды. Жалпы, жергілікті бюджеттің жоспары 3 жыл бойы 100% динамикалық түрде орындалған.
Отырыста сондай-ақ депутаттар бірнеше мәселені қарап, шешім шығарды.