
Бүгін облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева бастаған облыстық мәслихат депутаттары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Ақтөбе облысынан сайланған депутаты Амангелді Нұғмановпен кездесті.
Жиын барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың орындалу барысы, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Аймақ тұрғындары көтерген мәселелерге және оларды жергілікті және республикалық деңгейде шешу тетіктеріне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен жергілікті өкілді органдардың өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасу болды.
Депутат Амангелді Нұғманов сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 2025 жылға арналған қызметінің қорытындылары, қабылданған маңызды заңнамалық және өзге де шаралар, алдағы кезеңге белгіленген негізгі жоспарлар туралы баяндады.
Мәслихат депутаттарымен тиімді өзара іс-қимыл аймақтық ерекшеліктерді жедел қарастыруға және халықтың өтініштеріне жауап беруге мүмкіндік береді, - деп атап өтті ол жиында.
Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар алдағы бірлескен жұмыстың басым бағыттарын талқылап, Ақтөбе облысының тұрақты дамуына бағытталған заңнамалық және ұйымдастырушылық шараларды жетілдіру бойынша нақты ұсыныстарды белгіледі.
Кездесу соңында тараптар Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өкілді органдар қызметінің тиімділігін арттыру мүддесінде жүйелі диалог пен ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.