Көпшіліктік тыңдаулар және облыстық мәслихаттың кезекті жиырма екінші сессиясы жұмысының жалғасы

Көпшіліктік тыңдаулар  және облыстық мәслихаттың кезекті жиырма екінші сессиясы жұмысының жалғасы

Облыстық мәслихат депутаттарының,

барлық мүдделі тұлғалардың назарына 

 

Көпшіліктік тыңдаулар  және облыстық мәслихаттың кезекті жиырма екінші сессиясы жұмысының жалғасы 2025 жылғы 22 желтоқсанда сағат 10.00-де (екінші қабат, 201 бөлме) өтеді.      

 

Көпшіліктік тыңдаулар күн тәртібі:

  1. Коммуналдық мүлікті жекешелендіру туралы («Ақтөбе» облыстық футбол клубы» АҚ) .

                   Хабарламашылар: М.Ж. Махамбетов– дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы

 Е.Т. Тұрсынғалиев – қаржы

басқармасының басшысы

 

Сессияның күн тәртібі:

 

  1. Ақтөбе облысының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары туралы.

 

Хабарламашы: Е.А.Артығалиев – экономика және

бюджеттік жоспарлау басқармасы

басшысының міндетін атқарушы

 

  1. Облыстық мәслихаттың бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі (құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері жөніндегі топ).
  2. Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі (жұртшылықпен жұмыс жөніндегі топ).
  3. Ақтөбе облыстық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.
  4. №15 бір мандатты сайлау округінен депутат – Е.И.Сисенбаевтың депутаттық сауалы туралы.

Қажетті ақпаратқа барлығының қол жеткізуі үшін 2025 жылғы 22 желтоқсанда сағат 10.00-де аталған шаралар мына электрондық сілтеме бойынша тікелей трансляцияда көрсетіледі.

 

 

Облыстық

мәслихаттың төрағасы                                                        Г.Сүйінтаева