"Коммуналдық мүлікті жекешелендіру туралы" тақырыбындағы көпшіліктік тыңдаулар

"Коммуналдық мүлікті жекешелендіру туралы" тақырыбындағы көпшіліктік тыңдаулар

          «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты «Коммуналдық мүлікті жекешелендіру туралы» («Ақтөбе» облыстық футбол клубы» АҚ) тақырыбында көпшіліктік тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.

          Өтетін күні мен уақыты: 2025 жылғы 22 желтоқсан сағат 10:00-де.

          Өтетін орны: Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40 (Ақтөбе облысы әкімдігінің ғимараты).

          Көпшіліктік тыңдауларға депутаттар, атқарушы органдардың, өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, азаматтар және барлық мүдделі тұлғалар шақырылады.