2025 жылдың 19 тамызында сағ 10-00 Ақтөбе облыстық мәслихаттың бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссияскеңейтілген отырысын "Атамекен" кәсіпкерлер палатасында (Сәңкібай батыр 22 к) ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУ түрінде өткізді.
Қ Р «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 13-бабына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты «Өңірде шағын және орта бизнесті дамытудың өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары» тақырыпта қоғамдық тыңдау өткізілетінін бір ай бұрын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарланып, 1 ай бойы кәсіпкерлердің ұсыныстары мен сұрақтары жинақталды.
Қоғамдық тыңдауға облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың басшылары мен кәсіпкерлер қатысты. Күн тәртібі бойынша тұрақты комиссия отырысының қарауына «Өңірде шағын және орта бизнесті дамытудың өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары» қаралды.
Облыстық кәсіпкерлік басқармасы басшысыСалықбаев А.С. хабарлама жасады. Оған сүйенсек, Ақтөбе облысы, бүгінгі таңда шағын және орта бизнес саласындағы кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау шарасы бойынша өңірлер бөлінісінде үздіктер қатарында (субсидиялау бойынша – 4 орын, кепілдендіру бойынша – 7 орын). 2025 жылы жергілікті бюджеттен ШОБ-ты қолдау шараларына 2,3 млрд теңге бөлінген. 2025 жылы мемлекеттік қолдау шараларына 12,5 млрд.теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 10,2 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 2,3 млрд. теңге бөлінді.
Кәсіпкерлерге қолдау бағыттындағы шараларының бірі – жетіспейтін инфрақұрылым тарту.
Бағдарламаның тиімділігі мен қолайлығына байланысты кәсіпкерлер тарапынан қызығушылық жыл сайын артып келеді. 2021- 2024 жылдар аралығындағы мақұлданған 107 жобаның 64%-ы ауыл шаруашылығы саласына тиесілі.2024 жылы инженерлік инфрақұрылым бойынша өңірлік үйлестіру кеңесімен 1 023,0 млн. теңгеге 25 жоба мақұлданды. Биыл өңірлік үйлестіру кеңесі 240,0 млн.теңге сомасына 6 жобаны мақұлдады.
Мысалы, 2023 жылы шағын және орта бизнес саласына жаңа драйвер өңірлік бағдарлама іске қосылды. Бағдарлама Хромтау моноқаласының кәсіпкерлеріне кредит беруге бағытталған.
Өңір деңгейінде нақты экономика секторы жобаларына бағытталған, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға арналған мақсатты жеңілдетілген несиелеу бағдарламаларын іске асыру қажеттілігі туындап отыр.
Қазіргі таңда осы мәселелерді шешу мақсатында Ақтөбе облысында шағын және орта кәсіпкерлікті несиелеу бойынша "Ақтөбе Бизнес" өңірлік бағдарламасын іске қосу жоспарланып отыр. Аталған бағдарлама аясында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін өңірлік қаржыландыру тетігін іске асыру көзделген. «Ақтөбе Бизнес» өңірлік бағдарламасы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры немесе «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы жүзеге асырылады.
Қоғамдық тыңдауға қатысқан кәсіпкерлердің Жаңа Салық кодексіне байланысты қойған сұрақтарына жауап бере отырып, талқыланған мәселелер жан-жақты талқыланды. Бұл мәселелер бойынша облыстық мәслихат депутаттары өз ұсынымдарын әзірлеп, үкіметке жолдайтын болды.