Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 13-бабына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты келесі тақырыпта қоғамдық тыңдау өткізілетінін хабарлайды:
«Өңірде шағын және орта бизнесті дамытудың өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары»
Өткізу күні мен уақыты: 2025 жылғы 19 тамыз, сағат 10:00
Өткізу орны: Ақтөбе қаласы, Сәңкібай батыр даңғылы, 22К (Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының ғимараты).
Қоғамдық тыңдауға кәсіпкерлер, бизнес өкілдері және барлық мүдделі тұлғалар шақырылады.