2024 жылғы 27 маусымда Ақтөбе облыстық мәслихаты аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі, аппарат басшысының орынбасары Аманғали Нұрсұлтан Жантасұлы аппарат қызметкерлерімен жоспарлы жиналыс өткізді.
Жиын барысында Әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтау мәселесі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, еңбек демалысы маусымына байланысты Мемлекеттік қызмет туралы заң мен Еңбек кодексінің нормаларына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің еңбек демалысына қатысты құқықтары түсіндірілді. Қызметкерлерге демалыс кезінде де әдеп нормаларын бұлжытпай сақтау қажеттігі ескертілді.
Жиналыс аясында сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жүргізу тәртібі жөнінде қысқаша семинар ұйымдастырылды.
Кездесу соңында ұжым ішіндегі ахуалды зерделеу мақсатында анонимді сауалнама жүргізілді.
Егер сіз Ақтөбе облыстық мәслихаты аппараты қызметкерлерінің тарапынан Қазақстан Республикасының заңнамасын, соның ішінде әдеп нормаларын бұзу фактілеріне куә болсаңыз, әдеп жөніндегі уәкіл Аманғали Нұрсұлтан Жантасұлына тікелей хабарласуыңызға болады: