2025 жылдың 19 маусымында облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқықтық тәртіп және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында 11 мәселе талқыланды. Олардың қатарында жастар саясатын жетілдіру, іске асырылып жатқан жастар бағдарламаларының тиімділігін арттыру,
Ақтөбе қаласының кейбір құрамдас бөліктерін атау беру және қайта атау, Ақтөбе облыстық жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу, т.б. бар.
✔️ Қаралған мәселелердің негізгілерінің бірі — жастар саясатын жетілдіру мәселесі. Бұл бойынша облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Ә.Тұралиев баяндама жасады.
🔹 Оның айтуынша, бүгінде басқарма алдындағы міндеттің бірі — жұмыссыз және NEET санатындағы жастарды қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларға тарту және жұмыспен қамту. Бұл бағытта биыл барлығы 4 775 жас жұмыспен қамту шараларына тартылған. 2025 жылы «Жасыл ел» жобасы аясында 3200 адам жұмыспен қамту жоспарланып отыр.
Жастар арасында берік отбасы құндылықтарын қалыптастыру және жас отбасыларды қолдау бағытында жыл басынан бері 100-ге жуық іс-шара ұйымдастырылып, оған 3 мыңнан астам жас қатысқан.
💬 — 2025 жылы өңірде мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға 512 847 млн теңге бөлінді. Оның ішінде «Жасыл ел» жобасына – 426,0 млн теңге, «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасына – 30,2 млн теңге, «Жайдарман» ойындарына – 12,0 млн теңге, «Волонтерлік қозғалысты дамыту»жобасына – 10,0 млн теңге, «Өзін – өзі басқару» жобасына – 18,0 млн теңге қарастырылды,-деді ол.
🔸 Отырыста депутаттар қаралған мәселелер бойынша баяндамашыларға сауалдарын қойып, ұсыныс-тілектерін жеткізді. Сондай-ақ бұл мәселелер алдағы сессияда қаралатын болды.