Бюджет толықтай игерілді ме?

Бюджет толықтай игерілді ме?

2025 жылғы 16 маусым күні облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаеваның қатысуымен өткен облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында өткен жылғы бюджеттің атқарылуы туралы мәселе қаралды.

✔️ Жиында облыстық полиция департаментінің, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, ішкі саясат, құрылыс, мемлекеттік сатып алу, цифрлық технологиялар, экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы басқармалары, сондай-ақ облыс әкімінің аппаратының басшылары 2024 жылғы бюджетті игеру бойынша есеп беріп, депутаттардың қойған сауалдарына жауап берді.

🔹 Мәселен, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айбек Қайырдың айтуынша, былтыр басқарма өз жұмысын 11 бюджеттік бағдарлама шеңберінде 50 053 357,3 мың теңге жоспарлы қаражаттың 43 936 722,9 мың теңгесін игере отырып жүзеге асырған. Оның ішінде игерілмеген қаржы 6 010 075,7 мың теңгені құраса, үнемдеу сомасы – 88 626,7 мың теңге. Жүзеге асырылған жобалар саны – 216.

🔸Аталған мемлекеттік органдардың барлығы дерлік былтыр қазына қаржысын толықтай игерген. Бұл салада ешқандай мәселе жоқ. Дегенмен алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстарды әлі де жандандыру керек. Барлық бюджет қаржысы тиімді және мақсатты түрде жүұмсалуы керек. Облыстық мәслихат депутаттары жиында осыны баса айтты.