Басқарма басшылары бюджеттің игерілуі жайлы есеп берді

Басқарма басшылары бюджеттің игерілуі жайлы есеп берді

2025 жылдың 10 маусым күні облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаеваның қатысуымен өткен облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында 2024 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы мәселе қаралды. Отырысқа облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов те қатысты.

✔️ Жиында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Исатай Еспағанбетов, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асқар Жүсібалиев, индустриялық-инновациялық даму басқармасының
басшысы Досжан Әлібеков, кәсіпкерлік басқармасының басшысы Алмас Салықбаев, сондай-ақ энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының м.а.Нұршашқан Ізбасарова баяндама жасап, былтырғы бюджеттің игерілуі жайлы есеп берді.

🔹 ҚР Бюджеттік Кодексінің 125-бабына сәйкес, облыстық мәслихат депутаттары ревизиялық комиссияға облыстық бюджетінің атқарылуы туралы есебін алғаннан кейін бір ай ішінде облыстық әкімдіктің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің облыс бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есебін тұрақты комиссия отырысында қарайды.

🔸 Депутаттар осы ревизиялық комиссия мен жергілікті атқарушы органдар есебіне сай бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен бюджеттің атқарылмай қалуы немесе уақытында атқарылмау себептері туралы сұрап, анықтады, өз ұсыныстары мен ескертулерін берді.

✅ Депутаттардың барлық ұсыныстары мен ескертулері ескеріле отырып, хабарламалар назарға алынып, облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібіне енгізілді.