Депутаттар көтерген мәселелер

Депутаттар көтерген мәселелер

📌 2025 жылғы 27 мамырда облыстық мәслихаттың бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Н.Махамбетов бастаған бір топ депутат ҚР Парламенті Сенатының қаржы бойынша комитетінің басшысы С.Алдашевтің төрағалығымен өткен отырысқа бейнеконференция арқылы қатысты.

✔️ Онда агрокредиттік серіктестерге қатысты лицензиялау, алдын ала төлем бойынша сақтандыру, мемлекеттік сатып алу кезінде туындайтын мәселелер мен кедергілер жайында сұрақтар қаралды.

🔸 Отырыста облыстық мәслихат депутаттары несиелік серіктестіктердегі ортақ жауапкершілік мәселесін, оның ішінде қатысушылардың жауапкершілігін олардың өзара жарналары мен кепілімен шектеу арқылы заңға өзгертулер енгізу, сондай-ақ қарызды өтегеннен кейін мүлікті босату процедурасын жеделдету, жобалық-сметалық құжаттамалардың әрекет ету мерзімін екі жылға дейін созу, аванстық төлемдерді қайтару және мердігерлердің материалдық-техникалық базасына талапты күшейту мәселелерін көтеріп, нақты ұсыныстарын жеткізді.

🔹 Айта кету керек, жуырда облысқа келген сапарында Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев облыстық мәслихат депутаттары көтерген мәселелер мен ұсыныстарды қолдаған болатын. Ол алдағы уақытта жауапты тұлғалармен бірге аталған мәселелерді егжей-тегжейлі зерттеп, шешу жолдарын қарастыруды тапсырған.