📍 Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жергілікті билік өкілдерімен, депутаттық корпуспен және жұртшылықпен кеңейтілген кездесу өткізді.
✔️ Сапардың негізгі мақсаты — өңірді дамытудың басым міндеттерін талқылау, Орталық және жергілікті билік органдары арасындағы өзара іс-қимылды күшейту, сондай-ақ кейіннен заңнамалық қарау үшін ұсыныстар жинау болды.
🔸 Кездесуге облыс әкімі Асхат Шахаров, облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева, облыстық мәслихаттардың депутаттары, аудан және қалалық мәслихат төрағалары, облыс әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік органдардың басшылары, қоғамдық кеңес пен Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері қатысты.
🔹 Кездесуді аша отырып, Мәулен Әшімбаев сындарлы пікір алмасу және жергілікті жерлердегі проблемаларға жедел ден қою үшін осындай диалог алаңдарының маңыздылығын атап өтті.
💬— Сенат диалог үшін ашық. Біз сіздерің бастамаларыңыз заңдар мен нақты істерде көрініс табуы үшін бірге жұмыс істеуге дайынбыз. Тек бірлескен күш-жігермен ғана біз күшті және гүлденген мемлекет құра аламыз, - деді Сенат Төрағасы.
✅ Ол сондай-ақ Ақтөбе облысы елдің тарихы мен қазіргі дамуында ерекше орын алатынын атап өтті. Аймақ аумағы бойынша ірі ғана емес, сонымен қатар Қазақстанға Мөнке би, Есет батыр, Қазанғап, Ахмет және Құдайберген Жұбановтар, Әлия Молдағұлова сияқты көптеген көрнекті тұлғаларды сыйға тартқан бай рухани мұраға ие. Бүгінде облыс мәдениеттің дамуына үлес қосуды жалғастыруда және оның көрнекті өкілдерінің бірі — әлемге әйгілі әртіс Димаш Құдайберген.
🔰 Сенат Төрағасы өз сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларын іске асыру жөніндегі жергілікті биліктің күш-жігерін жоғары бағалай отырып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше назар аударды.
💬— Өңір оң динамиканы көрсетіп отыр. Инвестицияларды тарту және нақты секторды қолдау есебінен мұнда ауқымды жобалар іске асырылуда. Жыл басынан бері облысқа 210 миллиард теңгеден астам қаржы тартылды. Бұл маңызды көрсеткіш,- деп Сенат Төрағасы жоғары көрсеткіштерге назар аударды.
📌 Мәулен Әшімбаев білім беру мен денсаулық сақтау саласына қомақты инвестицияларды да атап өтті.
Ол сондай-ақ Президенттің бастамасымен елімізде өңірлердің дамуына, білім беру жүйесі мен ішкі саясатқа қатысты ауқымды реформалар жүзеге асырылып жатқанын еске салды. Мәулен Әшімбаев мәслихаттардың заң шығармашылығына қатысуының маңыздылығын атап өтіп, Сенат заң жобаларын әзірлеу кезінде олардың ұсыныстарын ескеруді жалғастыратынын атап өтті. Сондай-ақ, ол әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезіне дайындық жайын атап өтіп, этносаралық келісімнің маңыздылығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының рөліне назар аударды.
Сөз соңында ол Ақтөбе облысы мемлекеттік саясатты іске асыруда шешуші рөл атқара беретіндігіне сенім білдірді.
Бұдан кейін облыс әкімі Асхат Шахаров өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтып, өткен жылдың негізгі жетістіктерін атап өтіп, инфрақұрылымды одан әрі нығайтуға, өнеркәсіпті қолдауға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған 2025 жылға арналған басым жоспарларды белгіледі.
Өңір басшысы өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және ауыл шаруашылығы сияқты салалардағы оң нәтижелерді атап өтті.
«Біз өткен жылы 106,3% экономикалық өсімге қол жеткіздік, бұл орташа республикалық көрсеткіштен жоғары. Жолдар мен инфрақұрылымның жағдайын жақсарттық, тұрғын үй құрылысының мүмкіндіктерін кеңейттік. Осы жылы біз ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды және халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін әлеуметтік саланы дамытуды жалғастырамыз. Ағымдағы жылы кем дегенде 7% деңгейінде экономикалық өсуді қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Өнеркәсіпте өндіріс көлемі 2,7 триллион теңге, ал инвестициялар шамамен 1,5 триллион теңгені құрайды деп күтілуде. Көлік саласында және қойма шаруашылығында біздің міндетіміз нормативтік жағдайдағы автожолдардың үлесін 82% - ға дейін жеткізу. Ол үшін 2025 жылы 60 миллиард теңгеге 156 жол жобасы іске асырылатын болады»-деді ол.
Сенат Төрағасымен кездесу барысында депутаттар заңнаманы жетілдіру және өңірлік дамудың басым бағыттарын қолдауды күшейту жөнінде өз ұсыныстарын енгізді.