2025 жылғы 15 мамыр күні облыстық мәслихаттың бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында өңірдегі әлеуметтік нысандарды салу жөніндегі жоспарлар мен ағымдағы проблемаларды шешу мәселесі қаралды.
✅ Отырыста баяндама жасаған облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ержан Мұздыбаевтың айтуынша, биыл білім беру саласында 40 нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстарына 36,7 млрд. теңге бөлінген. Сондай-ақ бүгінде су тасқыны салдарынан зардап шеккен 5 білім нысанының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, денсаулық сақтау саласында — 19 , спорт саласында 9 нысан салынып, әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша 3 нысан, төтенше жағдайлар объектілерін дамыту бойынша 3 нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіледі.
💬 — Өңірде проблемалық нысандарды болдырмау мақсатында 2024 жылы жосықсыз жеткізуші мердігер ұйымдармен құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша 7 келісімшарт бұзылған болатын. Уақытылы қабылданған шешімдер нәтижесінде қазіргі таңда барлық нысан бойынша конкурстық рәсімдер өткізіліп, мердігер мекемелер анықталды, — деді басқарма басшысы.
☑️ Жиында облыстық мәслихат депутаттары баяндамашыға сауалдарын қойып, тілек-ұсыныстарын жеткізді.
📍 Отырыс нәтижесі бойынша нысандардың құрылысы уақытында аяқталу керектігі, сондай-ақ құрылыс жұмыстарындағы мәселелерді шешуде жауапты органдар қарқынды жұмыс істеу қажет екендігі айтылды.