📍 2025 жылғы 13 мамыр күні Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы мемлекеттік қаржының ТДМ қол жеткізудегі рөліне арналған семинар өткізді.
✔️ Іс-шараға Сенат Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина бастаған Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйым өкілдері қатысты. Біздің өңірден
семинарға облыстық мәслихаттың бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Нұрлан Махамбетов қатысып қайтты.
🔹 Семинар ТДМ-ды бақылау жөніндегі Парламенттік комиссия жұмысының жалғасы ретінде ұйымдастырылды. Ольга Перепечина бюджет қаражатын тиімді пайдалану – 2030 жылға дейінгі мақсаттарға жетудің басты тетігі екенін атап өтті.
🔸 Талдауларға сәйкес, мемлекеттік бюджеттің 80 пайызы ТДМ-ды іске асыруға бағытталған. Семинар нәтижесінде нақты ұсыныстар әзірленіп, Сенаттың бұл үдерістегі маңызды рөлі тағы бір мәрте айқындалды.