
1964 жылы 28 шілдеде Ақтөбе облысында дүниеге келген.
1988 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын, 2015 жылы Алматы менеджмент университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша біліктілігі — экономист, іскерлік әкімшілендіру магистрі.
Еңбек жолын 1983 жылы Ақтөбе қалалық денсаулық сақтау бөлімінің есепшісі болып бастаған.
1992-2001 жылдары Ақтөбе қаласының қаржы бөлімінде, облыстық денсаулық сақтау басқармасында жұмыс істеді, Ақтөбе облысының медициналық көмек көрсету орталығының директоры қызметін атқарды.
2001-2005 жылдары ҚР Денсаулық сақтау істері агенттігінің бухгалтерлік есеп, мемлекеттік сатып алу және инвестициялық бағдарламаларды талдау басқармасын, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Экономика және қаржы департаментінің есепке алу және қаржыландыру басқармасын басқарды.
2005-2007 жылдары Ақтөбе облыстық қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары, 2007-2017 жылдары Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың қаржы-экономикалық талдау және бухгалтерлік есеп бөлімінің бастығы-бас есепшісі, директордың ұйымдастыру-экономикалық жұмыс жөніндегі орынбасары, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Экономика және қаржы департаментінің директоры, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сараптау ұлттық орталығының директоры – Бас директордың экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары, "СК-Фармация" ЖШС қаржылық талдау бөлімінің бастығы, экономика және қаржы департаментінің директоры, 2017-2022 жылдары республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің ұйымдастыру - бақылау және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі, Ақтөбе облысының қаржы басқармасының басшысы, Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.
2022 жылғы қарашадан 2023 жылғы наурызға дейін Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болды. 2023 жылғы 30 наурыздан бастап Ақтөбе облыстық мәслихатының төрағасы.