«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10 – бабына сәйкес, Ақсуат аудандық мәслихаты №182 учаскелік сайлау комиссиясының 1 мүшесін, №185 учаскелік сайлау комиссиясының 1 мүшесінің құрамдарынан шығып қалғандардың орындарына толықтырулар енгізілетіндігі туралы хабарлайды.
Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімдері бес жыл.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатура ұсынуға құқылы.
Егер саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар өзге де қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсыныстарына сәйкес сайлау комиссиясын сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері 2025 жылдың 11-ші сәуірінен бастап 27-ші сәуір аралығында Ақсуат аудандық мәслихатына мынадай құжаттарды тапсырады:
1) электрондық және қағаз форматта белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясына ұсынылған кандидатуралар туралы мәліметтерді;
2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің отырысы хаттамасының үзінді көшірмесі;
3) саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелгені туралы құжатының көшірмесі;
4) кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші.
Өтініштің нысаны Ақсуат аудандық мәслихатының ресми сайтына орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған кандидат сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі тиісті сайлау комиссиясы құрамын құратын маслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында тұруы тиіс.
Сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымы қызметкерлері болмауы тиіс, тек сайлау туралы Конституциялық заңының 23 бабы 3 тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар (аға-қарындастар), ата-анасы бір және толық емес тума аға-інілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа ұсынылған қағаз форматтағы барлық құжаттарға қол қойылған, мөрмен расталған болуы және орындалған күнін, орындаушы туралы, оның аты-жөні мен телефон нөмері көрсетілген белгіні қамтуға тиіс.
Барлық учаскелік сайлау комиссияларының құрамы жөніндегі ұсыныстар 2025 жылдың 11-ші сәуірден бастап 27-ші сәуір аралығында дүйсенбі-жұма күндері аралығында сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін қабылданады, түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін.
Ақсуат аудандық мәслихаты
Оразғалиев Жандос Қанатұлы – Ақсуат аудандық мәслихатының төрағасы.
Мәслихаттың орналасқан жері: Ақсуат ауылы, Кәбеков көшесі №17 үй.
Жауапты: Жаябаев Саят Мұратұлы, кабинет №6, қалааралық телефон коды (872544), қызметтік тел. 2-20-11, ұялы тел. 8777-307-70-87, факс 2-20-11 электрондық почта s.zhayabaev@akimatabai.gov.kz
Ақсуат аудандық мәслихаты сайлау комиссиялары құрамынан шығып кеткен комиссия мүшелері орнына жаңадан комиссия мүшелерін сайлайды:
қ/с |
Учаскелік сайлау комиссиясының нөмірі |
Мекен жайы |
Комиссия мүшелерінің саны |
2 |
182 |
Ақсуат ауылы, Қабанбай көшесі 27А, М.Имашев атындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі. |
1 |
3 |
185 |
Ақсуат ауылы, Абылайхан көшесі 20, «Ақсуат аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту бөлімі» ММ қарсты мәдениет үйі |
1 |
Ескертпе: учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарында өкілдері бар саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер комиссиялар құрамдарына басқа өкілдер ұсына алмайды.
Ұсынымдарға 5.1-қосымша
Нысан
_____________________________________________________
(мәслихаттың толық атауы)
төрағасына
_________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
_______________________________________________тұратын
(облыс)
_________________________________________________________
аудан, елді мекен, көше, үй, пәтер)
______________________________________________________
(ұялы телефондардың нөмірлері)
Өтініш
Мен,__________________________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
______________________________________________________________________
(саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, жоғары тұрған сайлау комиссиясының атауы)
ұсынылған Қазақстан Республикасының азаматы, учаскелік сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға өз келісімімді беремін.
Сайлау органдарында жұмыс тәжірибем бар _______________________________________
( иә, ___ жыл/ жоқ)
Өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығым жоқ.
Саяси мемлекеттік қызметші лауазымын атқармаймын.
Мен Парламент, мәслихат депутаты, әкім, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі немесе Қазақстан Республикасы соттарының судьясы емеспін.
Уәкілетті органдарға заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығымның, iс-әрекетке қабiлетсiз, iс-әрекетке қабiлетi шектеулi екенімді тану туралы сот шешімінің жоқтығы мәніне сауалдар жіберу үшін менің ЖСН-ді пайдалануға келісімімді беремін.
2025 жылғы «____»____________ _________________________
(өтініш берушінің қолы)
Өмірбаяндық деректер:
Туған күні 19 _____ жылғы «____» _______________
Жеке сәйкестендіру номері (ЖСН) _____________________________________________________
Ұлты* _______________________________
Партиядағы мүшелігі * _______________________________________________________________
Білімі _____________________________________________________________________________
Мамандығы _________________________________________________________________________
Жұмыс орны немесе кәсіп түрі __________________________________________________________
Атқаратын қызметі ____________________________________________________________________
Жеке куәліктің деректері _____________________________________________________________
(куәлік нөмірі, қашан және кім берген)
Комиссия құрамын қалыптастыратын мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын 18 жастан асқан жақын туыстарым туралы мәліметтерді қоса тіркеймін**.
Ескертпе:
* Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабы 1-тармағына сәйкес ұлты мен қай партияға жататыны кандидаттың қалауы бойынша көрсетіледі.
** Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға інілері мен апа-сіңілілері, қарындастары, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Өтінішке қосымша
Жақын туыстары туралы мәліметтер __________________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
р/б |
Жақын туысқандарының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) |
ескертпе |
|
|
әкесі |
|
|
анасы |
|
|
ұлы |
|
|
қызы |
|
|
ағасы |
|
|
әпкесі |
|
|
атасы |
|
|
әжесі |
|
|
немересі |
|
|
жұбайы (зайыбы) |