2024 жылдың 12 желтоқсан күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс жиырма үшінші сессия отырысында Ақсуат ауданы әкімі лауазымына Ескендіров Ерсін Кәдірбекұлын тағайындау туралы ұсынымды келісу мәселесі қаралды. Аудандық мәслихаттың депутаттары ұсынымды бірауыздан қолдап, келісім берді.
Аудан активі жиынында аймақ басшысы Нұрлан Телманұлы аудан әкімі лауазымына тағайындалған Ескендіров Ерсін Кәдірбекұлын көпшілікпен таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің және Ақсуат ауданы мәслихатының келісімімен, Абай облысы әкімі Н.Ұранхаевтың өкімімен Ақсуат ауданының әкімі болып Ескендіров Ерсін Кәдірбекұлы тағайындалды.