Ақсуат ауданы тұрғындарының және аудандық мәслихаттың депутаттарының назарына!

Ақсуат ауданы тұрғындарының және аудандық мәслихаттың депутаттарының назарына!

Сегізінші шақырылған Ақсуат ауданы мәслихатының 2026 жылдың 28 қыркүйек күні сағат 15.00- де, кезекті қырық сегізінші сессиясы аудандық мәслихаттың ғимаратында өтеді.

 

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

 

1.      Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2025 жылы атқарған жұмыстары және бюджеттің орындалуы туралы.

Хабарламашы: аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Дәуренбекұлы Мирас.

2.      2025 жылы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің атқарған жұмыстары туралы. 

Хабарламашы: аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің  басшысы Кенжин Мейіржан Тоқтарбекұлы.

3.      Ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде атқарылған жұмыстар туралы.

Хабарламашы: Абай облысы ветеринария басқармасының «Облыстық ветеринариялық қызмет» ШЖҚ КМК (шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны) Ақсуат аудандық бөлімінің басшысы Бектасов Қайратбек Тлеубайұлы.

4.      Көкжыра ауылдық округі әкімінің сайлауалды бағдарламасының орындалуы және атқарған жұмыстары туралы есебі.

Хабарламашы: Көкжыра ауылдық округінің әкімі Шідеров Дулат Ешенұлы.

5.     Әртүрлі мәселелер.

 

 

Ақсуат ауданы

мәслихатының төрағасы                                                                  Ж.Оразғалиев