Сегізінші шақырылған Ақсуат ауданы мәслихатының кезекті қырық бесінші сессиясы 2026 жылдың 9 шілде күні сағат 15.00 - де аудан әкімдігінің мәжіліс залында өтеді.
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
- Аудан әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы есебі;
Хабарламашы: Ескендіров Ерсін Кәдірбекұлы - аудан әкімі.
- Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2025 жылы атқарған жұмыстары және бюджетінің орындалуы туралы;
Хабарламашы: Дәуренбекұлы Мирас - аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.
- Аудандағы егістік, шабындық, жайылымдық жерлерді зиянкестерден қорғау және оларды жоюдағы атқарылған іс шаралар туралы;
Хабарламашы: Қапанов Данияр Бақытбекұлы - ҚР Ауыл шаруашылығы министірлігі АӨК МИК «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» ММ Абай облысы Ақсуат аудандық филиалының басшысы.
- Екпін ауылдық округі әкімінің сайлауалды бағдарламасының орындалуы және 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі;
Хабарламашы: Қараталов Айбек Найманғазыұлы – Екпін ауылдық округінің әкімі.
Әртүрлі мәселелер.
- Ақсуат ауданы мәслихатының 2026 жылғы 27 наурыздағы №40/14-VІІІ «Ақсуат аудандық жер комиссиясының құрамын және жер комиссиясы туралы үлгі ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Ақсуат ауданы мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 39/11-VIII «Ақсуат ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Ақсуат аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 38/7-VIII «Ақсуат ауданы әкімдігінің «Аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Ақсуат ауданы
мәслихатының төрағасы Ж.Оразғалиев