2026 жылдың 13 сәуір күні VIII шақырылған Ақсуат ауданы мәслихатының кезектен тыс қырық бірінші сессиясы өтті.

2026 жылдың 13 сәуір күні VIII шақырылған Ақсуат ауданы мәслихатының кезектен тыс қырық бірінші сессиясы өтті.

           Аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық бірінші сессиясының жұмысына аудан әкімі Ескендіров Ерсін Кәдірбекұлы, аудан әкімінің орынбасары Аққазин Ахмет Әсетұлы, аудандық мәслихаттың депутаттары қатысты.

  1. Сессияның күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша «2026-2028 жылдарға арналған Ақсуат ауданының бюджеті туралы» 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 38/2-VIII Ақсуат аудандық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Абілбеков Арман Төлеуғазыұлы баяндама жасады.

     Әртүрлі мәселелер аясында:  

«Ақсуат ауданы әкімдігінің құрамына келісім беру туралы» 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 38/5-VIII Ақсуат аудандық мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

           2) «Ақсуат ауданы әкімдігінің «Аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының құрамын бекіту туралы» 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 38/7-VIII Ақсуат аудандық мәслихатының шешіміне толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.