Мемлекет басшысы жаңа Конституцияны іске асыру туралы жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы жаңа Конституцияны іске асыру туралы жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Конституциясына және «2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.

Ақордада өткен жиын барысында Президент  Ата заңды «Халық Конституциясы» деп атап, оның ел дамуының жаңа кезеңін айқындайтын тарихи құжат екенін атап өтті.

Енді Халық Конституциясы 1 шілдеден бастап ресми түрде өз күшіне енеді. Ал Конституция күнін мемлекеттік мереке ретінде ұлттық деңгейде жыл сайын 15 наурызда атап өтетіледі.

Жалпыхалықтық референдум арқылы қабылданған жаңа Конституция елдің бірлігі мен азаматтық жауапкершіліктің айқын көрінісі.

Еліміз әрқашан өсіп-өркендей берсін!

Қазақстан Республикасы мәңгі жасасын!