Ақсуат ауданы тұрғындарының және аудандық мәслихаттың депутаттарының назарына!

Ақсуат ауданы тұрғындарының және аудандық мәслихаттың депутаттарының назарына!

Сегізінші шақырылған Ақсуат ауданы мәслихатының кезекті отызыншы сессиясы 2025 жылдың 15 шілде күні сағат 10.00- де аудан әкімінің мәжіліс залында, мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссияларының отырысы сағат 11.00- де аудандық мәслихаттың ғимаратында өтеді.

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

 Сессияның күн тәртібіне төмендегі мәселелер ұсынылады.   

  1. Аудан әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттерінің орындалуы туралы есебі.

          Хабарламашы: Ескендіров Ерсін Кәдірбекұлы – Ақсуат ауданы әкімі.

  1. Аудандық білім бөлімінің 2024-2025 оқу жылы атқарған жұмыстары туралы.

          Хабарламашы: Кыдырмолдин Амангелді Шаймұратұлы – аудандық білім бөлімінің басшысы.

  1. Аудандағы азық – түлік дүкендерінің халыққа сапалы қызмет көрсетуі, мониторингтік бақылау жұмыстарының есебі туралы.

Хабарламашы: Ахметов Серік Таупихұлы - аудандық ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.

  1. Құмкөл ауылдық округі әкімінің сайлауалды бағдарламасының орындалуы және 2024-2025 жылдары атқарған жұмыстары туралы есебі.

         Хабарламашы: Құрманғазы Ербол Құрманғазыұлы – Құмкөл ауылдық округінің әкімі.

  1. Әртүрлі мәселелер.
  • «2025-2027 жылдарға арналған Ақсуат ауданының бюджеті туралы» 2024 жылғы 25 желтоқсандағы Ақсуат аудандық мәслихатының № 24/2-VIII шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;

 2) Ақсуат ауданы мәслихатының 2023 жылғы 19 қаңтардағы № 15/2-VIII «Ақсуат ауданының мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша, округтік сайлау комиссияларының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

3) Ақсуат ауданы мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 11/5-VIII «Ақсуат ауданының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамын құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

4)  Ақсуат ауданы бойынша 2025 – 2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы.

Ақсуат ауданы

мәслихатының аппарат басшысы                                                 С.Жаябаев