Абай облысының үздік шахматшылары анықталды

Абай облысының үздік шахматшылары анықталды

Абай облысында өткен «Senat Open Cup – 2025» II ашық шахмат кубогының іріктеу турнирі өз мәресіне жетті. Турнир қорытындысы бойынша үздік шахматшылар анықталып, жартылай финалға жолдама алған қатысушылардың есімі белгілі болды.

Аягөз ауданының мемлекеттік қызметшісі Мади Усманов 8,5 ұпай жинап, турнирдің абсолютті жеңімпазы атанды (бірінші орын). Екінші орын 8 ұпаймен Бородулиха ауданынан келген ардагер Олег Рубанға бұйырса, үшінші орынды 7 ұпай және 52,5 қосымша көрсеткішпен семейлік Василий Полевик иеленді.

Бекзада ойын барысында бірқатар арнайы номинациялар бойынша үздіктер анықталды:

- «60 жастан асқан ойыншылар арасындағы үздік көрсеткіш үшін» - Оралбек Дадамбаев (Семей қаласы)
• «Депутаттар арасындағы үздік көрсеткіш үшін» – Ринат Искаков (Үржар ауданы)
• «Қоғамдық қайраткерлер арасындағы үздік көрсеткіш үшін» – Амир Калияскаров (Бесқарағай ауданы)
• «Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасындағы үздік көрсеткіш үшін» – Сәтжан Қасымжанұлы (Семей қаласы)
• «Әйелдер арасындағы үздік көрсеткіш үшін» – Елена Гурская (Семей қаласы).

Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен 35 шахматшы маусым айында Семей қаласында өтетін өңірлік жартылай финалда Абай облысының намысын қорғайды. Аталған кезеңге Қарағанды, Ұлытау, Павлодар және Абай облыстарының іріктеу турнирлерінің жеңімпаздары қатысады.