Бүгін Абай облысының әкімі Берік Уәли мен облыс мәслихатының төрағасы Шалқар Байбеков жұмыс сапарымен Бородулиха ауданына барып, өңірдің әлеуметтік нысандары мен ауыл шаруашылығы, бірқатар шаруақожалықтарының жұмысымен танысты.

Бүгінгі таңда Бородулиха ауданы – аймағымыздың маңызды аграрлық аймақтарының бірі. Оның экономикасының негізгі тірегі ауыл шаруашылығы мен тау-кен өнеркәсібі. Ауданда ауыл шаруашылығы жерлерінің жалпы аумағы 474,2 мың гектарды құрайды. Мұнда 571 шаруа қожалығы мен 182 ЖШС ауыл шаруашылығында қызмет етеді.

Сапар барысында облыс басшылығы Новая-Шульба ауылындағы жаңа амбулатория мен ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған әлеуметтік қызмет көрсету орталығын аралап, орталық маңайына ағаш отырғызу шарасына қатысты.

Сонымен қатар, облыс басшысы «Лазарев и К» және «Новая Заря» шаруашылықтарының егіс алқаптарын аралап, көктемгі дала жұмыстарымен танысты. Бүгінде шаруашылықтар заманауи технологияларды қолданып, егін егу науқанын жүргізуде. Ағымдағы жылы Бородулиха ауданында 320 мың гектарға дән себу жоспарланған.

Сапар соңында делегация Камышенка орманшылығында болып, орман шаруашылығы мен өрт қауіпсіздігі мәселелерін талқылады.