Семей қаласындағы “Северный” сауда-логистикалық орталығы маңында орналасқан рұқсатсыз қоқыс үйіндісін жою бойынша алғашқы санитарлық тазарту жұмыстары басталды. Аталған бастама Абай облыстық мәслихаты аппараты мен облыстық мәслихат депутаты Анджела Маслованың бастамасымен жүзеге асырылуда.
Экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған шара аясында мәслихат аппаратының қызметкерлері мен еріктілер белсенділік танытты. Қоқыс көлемінің көптігіне байланысты тазалау жұмыстары бір күнде аяқталмайтыны анық. Осыған орай, жұмыстар әр сенбі сайын тұрақты түрде жалғастырылатын болады.
Тазалық – ортақ міндет. Осыған байланысты жергілікті тұрғындар мен кәсіпкерлік субъектілерін қоршаған ортаға ұқыпты қарауға, тұрмыстық қалдықтарды арнайы белгіленген орындарға тастау мәдениетін қалыптастыруға шақырамыз.