ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ КЕҢЕЙТІЛГЕН КЕҢЕС ӨТТІ

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ КЕҢЕЙТІЛГЕН КЕҢЕС ӨТТІ

Жиынға өңірдегі этномәдени және қоғамдық институттар мен діни бірлестіктердің өкілдері, мәслихат депутаттары, ардагерлер мен Достық үйлерінің директорлары қатысты.

Кеңес барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтудағы стратегиялық маңызы, өңірлік деңгейде жүзеге асып жатқан жобалар мен бастамалар талқыланды.

Іс-шара аясында этносаралық татулықты нығайтуға, қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етуге сүбелі үлес қосқан бірқатар азаматтар «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.