
Бүгін Абай облыстық мәслихатының төрағасы Шалқар Байбеков кезекті жеке қабылдауын өткізіп, тұрғындардың өзекті сауалдары мен өтініштерін тыңдады.
Қабылдау барысында азаматтар бірқатар маңызды мәселелерді көтеріп, жеке сипаттағы сұрақтарын да жолдады.
Көтерілген мәселелердің жедел әрі тиімді шешілуі үшін қабылдауға жауапты салалық басқармалар мен бөлімдердің өкілдері де шақырылып, нақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мәслихат төрағасы әрбір өтінішті зейін қойып тыңдап, заң шеңберінде тиісті жауаптар берді. Сонымен қатар, бірқатар өтініштерді жеке бақылауына алып, олардың орындалу барысын қадағалайтынын жеткізді.