️Аймақ басшысы мен мәслихат төрағасы Қараөлең ауылының ақсақалдарымен жүздесті

️Аймақ басшысы мен мәслихат төрағасы Қараөлең ауылының ақсақалдарымен жүздесті

Жаңасемей ауданына жасаған жұмыс сапары барысында Абай облысының әкімі Берік Уәли мен облыстық мәслихат төрағасы Шалқар Байбеков Қараөлең ауылдық округінің ақсақалдарымен ашық әрі мазмұнды кездесу өткізді.

Кеңесте ауылдың бүгіні мен ертеңіне қатысты маңызды мәселелер қозғалды. Қариялар шаруа қожалықтарын электр энергиясымен қамту, әлеуметтік нысандарды күрделі жөндеуден өткізу, жастарға мал шаруашылығымен айналысу үшін жайылымдық жерлер бөлу мәселелерін көтеріп, нақты ұсыныстарын жеткізді.

Аймақ басшысы барлық бастама мен пікірге ашық екенін айтып, шешім қабылдау барысында ел ақсақалдарының сөзі әрдайым ескерілетінін атап өтті.

Өз кезегінде ақсақалдар туған өлкенің өркендеуі жолында бар білімдері мен өмірлік тәжірибесін жастармен бөлісуге, игі бастамаларға қолдау көрсетуге дайын екендерін білдірді.