Ақтоғай мыс кенішіне жұмыс сапары

Ақтоғай мыс кенішіне жұмыс сапары

Абай облысының әкімі Берік Уәли мен облыстық мәслихат төрағасы Шалқар Байбековтың жұмыс сапары барысында Аягөз ауданы аумағында орналасқан Ақтоғай мыс кенішінде болды. Әлемдегі ең ірі мыс кен орындарының бірі саналатын бұл кәсіпорын ашық тәсілмен жұмыс істейді және жыл өткен сайын өндіріс көлемін арттырып келеді.

Кәсіпорын жұмысымен танысу барысында облыс әкіміне өндіріс процесі мен даму жоспары таныстырылды. Кеніш өкілдері Ақтоғай кентіне апаратын жолды жөндеу мәселесін көтеріп, қолдау сұрады. Бұл ретте облыс әкімі жолдың облыс аумағына кіретін бөлігін асфальттау бойынша тиісті қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Кездесу соңында аймақ басшысы кәсіпорын басшылығына өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға белсене атсалысып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырды.