Баршаңызға 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!
Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіз еліміздің басты құндылықтарының бірі, мемлекетіміздің егемендігі мен тұтастығын айқындайтын маңызды нышандар. Көк Ту, Елтаңба және Әнұран – халқымыздың тарихын, рухын, арман-мұратын біріктіретін ұлттық рәміздер.
Елге құрмет мемлекеттік рәміздерге құрметтен басталады. Сондықтан олардың мәні мен маңызын жас ұрпақтың бойына сіңіру – баршамызға ортақ міндет.
Көк байрағымыз әрдайым биікте желбіреп, Әнұранымыз асқақ шырқалып, Елтаңбамыз ел мерейін үстем ете берсін!
Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге тыныштық пен береке тілеймін!
Құрметпен, Абай облысы мәслихатының төрағасы Шалқар Байбеков