Абай облысы мәслихатының төрағасы Шалқар Байбеков облыс әкімі Берік Уәлимен бірге Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Тұғырлы рәміз – тұрақты қоғам» мерекелік шараға қатысты.
Салтанатты жиын Мемлекеттік Туды көтеру рәсімінен басталды. Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, депутаттар, қоғамдық ұйым мүшелері, жастар және өңір тұрғындары қатысты.
Мерекелік шараға 4 мыңға жуық тұрғын жиналды. Концерттік бағдарлама ұсынылып, жергілікті өнерпаздар патриоттық әндер орындады.
Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шаралар ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, отансүйгіштік рухты нығайтуға және жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға бағытталды.
Мемлекет басшысының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Абайға құрмет» акциясы аясында Семей қаласындағы Бейбітшілік аралында Рәміздер алаңы салынып жатыр. Нысанды Абай күні қарсаңында пайдалануға беру жоспарланған.
АБАЙ ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ