Абай облысының депутаттары жасанды интеллект мүмкіндіктерін меңгереді

Абай облысының депутаттары жасанды интеллект мүмкіндіктерін меңгереді

Семей қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Абай облысы бойынша филиалы ұйымдастырған «Мемлекеттік басқаруда жасанды интеллект технологияларын қолдану» оқыту семинары басталды.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының III республикалық форумында берілген тапсырмаларды іске асыру аясында ұйымдастырылып отыр.

Семинарға Абай облысы мәслихатының төрағасы Шалқар Байбеков пен облыстық мәслихат депутаттары қатысып жатыр. Оқу бағдарламасы депутаттардың цифрлық құзыреттерін дамытуға бағытталған. Қатысушылар жасанды интеллект құралдарын пайдалану, деректерді талдау және цифрлық шешімдерді қолдану бойынша білім алады.

Оқыту 3–5 маусым аралығында офлайн форматта өтеді. Семинарды Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Абай облысы бойынша филиалы жүргізеді.

 

АБАЙ ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ