Абай облысы мәслихатының депутаттары балаларға мерекелік көңіл күй сыйлады

Абай облысы мәслихатының депутаттары балаларға мерекелік көңіл күй сыйлады

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Абай облысы мәслихатының және Семей қалалық мәслихатының депутаттары, «AMANAT» партиясының өкілдері Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілеріне мерекелік көңіл күй сыйлады.

Шара барысында балаларға арнайы концерттік бағдарлама ұсынылды. Ертегі кейіпкерлері түрлі қызықты ойындар өткізіп, балалармен бірге ән шырқап, би биледі. Бүлдіршіндер мерекелік бағдарламаны көтеріңкі көңіл күйде тамашалады.

Мереке аясында 40-қа жуық балаға сыйлықтар табысталып, дастарқан жайылды. Балаларға мерекелік тәттілер де ұсынылды.

 

АБАЙ ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ