Мектеп жанынан ашылған мектепке дейінгі мекеме биыл пайдалануға берілген. Балабақша мемлекеттік тапсырыс аясында жұмыс істейді. Қазіргі таңда мұнда екі топта 2 жастан 5 жасқа дейінгі 40 бала тәрбиеленіп жатыр.
Балаларға тәрбие мен білім беру үшін қажетті жағдай жасалған. Мекемеде бейнебақылау жүйесі орнатылған, оқу-тәрбие үдерісіне арналған кабинеттер қарастырылған. Қазір балабақшада 13 қызметкер еңбек етеді.
Шалқар Байбеков ауылдық жерде жаңа әлеуметтік нысандардың ашылуы тұрғындар үшін маңызды екенін атап өтіп, балабақша жұмысына оң бағасын берді.
АБАЙ ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ