МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ ҮШ КҮНДІК ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫНАН ӨТТІ

МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ ҮШ КҮНДІК ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫНАН ӨТТІ

Абай облысында «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы ұйымдастырған басқарушылық құзыреттерді дамытуға арналған үш күндік оқыту бағдарламасы өтті. 

Оқуға облыстық мәслихат депутаттары, аудандық және қалалық мәслихаттардың төрағалары мен депутаттары қатысты. 

Бағдарлама аясында қатысушылар көшбасшылық, стратегиялық жоспарлау, бюджетпен жұмыс істеу және коммуникация бағыттары бойынша білімдерін жетілдірді. Теориялық сабақтар тәжірибелік тапсырмалармен ұштастырылып, нақты басқарушылық дағдыларды қалыптастыруға басымдық берілді.

Сондай-ақ қатысушылар нақты көрсеткіштерге негізделген жобаларды әзірлеу бағытында жұмыс жүргізді. Оқу барысында бюджет жүйесінің негізгі тетіктері мен жергілікті өкілді органдардың өкілеттіктеріне қатысты мәселелер де қарастырылды.

Қатысушылар мұндай оқыту тәжірибесінің күнделікті қызметте тиімді шешім қабылдауға және халықпен байланысты нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

Бағдарлама кезең-кезеңімен жалғасады. Алдағы уақытта екінші және үшінші кезеңдер өткізіліп, қатысушылар өз жобаларын тәжірибеде іске асырып, нәтижелерін қорғайды.

 

 

АБАЙ ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ