«AMANAT» партиясының халық алдындағы есептік кездесулері аясында Абай облысы мәслихатының төрағасы, депутат Шалқар Байбеков сайлау округі тұрғындарымен кездесті.
Бұл жолғы кездесу Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы №5 көпсалалы гимназиясында өтті. Жиынға 90-ға жуық білім беру саласының қызметкері қатысты.
Кездесуде депутат округ бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы кезеңге жоспарланған бағыттарды таныстырды. Көтерілген мәселелер білім саласына қатысты болды. Оның ішінде білім беру ұйымдарының жай-күйі мен ұстаздарды толғандырған мәселелер сөз болды. Биыл гимназияның бастауыш корпусындағы дәлізді және 1, 2-қабаттардағы санитарлық тораптарды жөндеуге қаражат қарастырылған.
Кездесу ашық форматта өтті. Қатысушылар сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді. Халық алдындағы есептік кездесулер алдағы уақытта да жалғасады.
АБАЙ ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ