
Абай облысы аумақтық сайлау комиссиясының құрамында бос орынның пайда болуына байланысты (сайлаушылардың құқықтық мәдениетін арттыру, сайлау ұйымдастырушыларын және сайлау процесінің басқа да қатысушыларын оқыту, сондай-ақ ұйымдастыру, үйлестіру және қамтамасыз ету мәселелеріне жауапты аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі) және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабына сәйкес (бұдан әрі – Сайлау туралы конституциялық заң) Абай облысы мәслихаты Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясының құрамына өзгеріс енгізілетіні туралы хабарлайды. Аумақтық сайлау комиссиялары жеті мүшеден құралады. Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды. Әрбір саяси партия аумақтық сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия өз мүшесі болып табылмайтын кандидатураларды да ұсынуға құқылы. Саяси партиялардан ұсыныстар болмаған жағдайда, мәслихат аумақтық сайлау комиссиясының мүшесін өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссиясының ұсыныстары негізінде сайлайды. 2026 жылғы 28 сәуірге дейін Абай облысы мәслихатына келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1.белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтерді электрондық және қағаз форматта;
2.саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді;
3.саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі;
4.кандидаттардың белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері.
Сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер мен кандидаттардың келісімі туралы өтініштердің нысандары мәслихаттың ресми интернет-ресурсында орналастырылған. Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға Сайлау туралы конституциялық заң талаптарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №129/624 қаулысымен бекітілген аумақтық сайлау комиссиялары мүшелеріне қойылатын біліктілік талаптарына (білім деңгейі, еңбек өтілі және (немесе) жұмыс тәжірибесі, кәсіби құзыреттер) сәйкес келуі тиіс. Сонымен қатар кандидат Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсындағы «Сайлау комиссиялары мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу» кіші жүйесі арқылы сайлау заңнамасын білу бойынша тестілеуден өткенін растайтын сертификатқа ие болуы тиіс. Сайлау комиссиясының мүшесі Абай облысының аумағында тұруы тиіс. Сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлерінен тұрмауы тиіс, бұған Сайлау туралы конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген жағдайлар кірмейді. Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстар (ата-аналар, балалар, асырап алушылар (қамқоршылар), асырап алынғандар, толық және толық емес ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер, аталар, әжелер, немерелер), сондай-ақ ерлі-зайыптылар кіре алмайды. Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттар қол қойылып, мөрмен расталуы, орындалған күні көрсетілуі, сондай-ақ орындаушы туралы мәлімет (тегі, аты-жөні, байланыс телефоны) қамтылуы тиіс. Абай облысы аумақтық сайлау комиссиясының құрамына кандидаттар бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 28 сәуірге дейін, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) жүзеге асырылады. Абай облысының мәслихаты Байбеков Шалқар Заманбекұлы – Абай облысы мәслихатының төрағасы.Мекенжайы: Семей қаласы, Қ. Мұхамедханов көшесі, 8 үй.Жауапты маман – Мұхамедхан Ерхат Сарманұлы, 206-кабинет, байланыс телефоны: +7 777 748 843, электрондық пошта мекенжайы abai.oblmaslihat@yandex.kz.