Мемлекет басшысы жаңа Конституцияны іске асыру туралы Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы жаңа Конституцияны іске асыру туралы Жарлыққа қол қойды

Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдауға арналған салтанатты жиын өтті. Жиынға Премьер-министр Олжас Бектенов, Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Парламент Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай, Үкімет мүшелері, орталық мемлекеттік органдардың жетекшілері, облыс әкімдері, сондай-ақ Конституциялық комиссия мен Жалпыұлттық коалиция мүшелері қатысты. Салтанатты жиынға Абай облысы мәслихатының төрағасы Шалқар Байбеков және облыстық мәслихат депутаттары да қатысты.

Іс-шара барысында Құрмет қарауылы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын салтанатты түрде ортаға алып шығып, еліміздің Мемлекеттік Әнұраны орындалды. Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров республикалық референдумның қорытындысын жариялады.