АБАЙ ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ СЕНАТ ЖАНЫНДАҒЫ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

АБАЙ ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ СЕНАТ ЖАНЫНДАҒЫ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы Мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің «Жаңа Конституция – ұзақ мерзімді дамудың берік негізі» тақырыбындағы отырысы өтті. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев жаңа Конституция жобасының ел дамуы үшін стратегиялық маңызына тоқталды.

Отырыста Сенат депутаттары, профильдік комитет төрағалары, сондай-ақ өңірлік мәслихаттардың төрағалары мен депутаттары өз пікірлерін білдіріп, Конституциялық реформаның негізгі бағыттарын талқылады. Бейнеконференция байланысы арқылы бірқатар облыстық және қалалық мәслихат төрағалары сөз сөйледі.

Кеңес отырысына Абай облысы мәслихатының төрағасы Шалқар Байбеков, облыстық мәслихат депутаттары және Семей қаласы мәслихатының депутаттары қатысты. Жиын барысында жаңа Конституция жобасының мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті күшейту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды нақтылау бағытындағы өзгерістер кеңінен сөз болды.

Кеңес қорытындысында Конституциялық реформаның мазмұнын өңірлерде жүйелі әрі түсіндіру жұмыстарын жалғастыру қажеттігі атап өтілді.

 

АБАЙ ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ