АБАЙ ОБЛЫСЫНДА ӨҢІРЛІК КОАЛИЦИЯ ӨНДІРІС ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА ӨҢІРЛІК КОАЛИЦИЯ ӨНДІРІС ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Бүгін Семей қаласындағы «DAEWOO BUS KAZAKHSTAN» ЖШС өндірістік алаңында республикалық референдум қарсаңында кәсіпорын еңбек ұжымымен ашық кездесу өтті. Іс-шара «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалициясының бастамасымен ұйымдастырылды.

Кездесуге Абай облыстық мәслихатының төрағасы, өңірлік коалиция жетекшісі Шалқар Байбеков және коалиция мүшелері қатысты. Жиынға 100-ге жуық өндіріс қызметкері жиналды. Басқосуда жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары, енгізілетін өзгерістердің мазмұны және 15 наурызда өтетін республикалық референдумның саяси-құқықтық маңызы жан-жақты түсіндірілді.

Шалқар Байбеков Конституциялық комиссия жұмысының нәтижелеріне тоқталды. Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес 15 наурызда жалпыұлттық референдум өтетінін айтып, өңірде құрылған коалицияның басты міндеті – жаңа Конституция жобасын халыққа кеңінен әрі дұрыс түсіндіру екенін жеткізді. Сондай-ақ ол кәсіпорынның өңір экономикасындағы орнына ерекше тоқталды.

Кездесу барысында коалиция мүшелері - «Ауыл» партиясы Абай облыстық филиалының төрағасы Қайрат Смағұлов, Облыстық мәслихат депутаты Қуаныш Қасенов, Абай облысы бойынша Әйелдер қанатының кеңесшісі Айгерім Смағұлова, «Respublica» партиясы Абай облыстық филиалының төрағасы Алмас Айтмұқаш сөз сөйлеп, конституциялық өзгерістердің мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, азаматтардың құқықтық кепілдіктерін күшейтуге және әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті. Сонымен қатар Конституцияның 3-бабы мен 30-бабына енгізілетін өзгерістердің мәні түсіндірілді. 

Жиын соңында еңбек ұжымы өкілдері өз пікірлерін білдірді. Кездесу ашық әрі мазмұнды болды. Қатысушылар Жаңа Конститцуия жобасындағы өзгерістерді қолдайтындарын жеткізді.