Абай облысы мәслихатында Сенат депутаттарымен кездесу өтті

Абай облысы мәслихатында Сенат депутаттарымен кездесу өтті

Абай облысы мәслихатында Абай облысы мәслихатының төрағасы Шалқар Байбековтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттары Қайрат Тастекеев пен Айнұр Арғынбекованың облыстық және қалалық мәслихат депутаттарымен кездесуі өтті.

Кездесу Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының өңірлерге жұмыс сапары аясында ұйымдастырылды. Іс-шара барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер қаралды, сондай-ақ қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша пікір алмасу жүргізілді.

Мәслихат депутаттары аймақты дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салып, көтерілген мәселелер бойынша өз көзқарастарын білдірді. Кездесу барысында облыстық және қалалық деңгейдегі бірқатар мәселелер талқыланды.