Абай облысы мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

Абай облысы мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

Бүгін Абай облысы мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті. Сессия жұмысын мәслихат төрағасы Шалқар Байбеков ашты.

➡️Сессияға облыстық мәслихат депутаттары, басқарма басшылары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес, 2025–2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы Абай облысы мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы №23/154-VIII шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі қаралды. Бұл түзетулер өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған негізгі шығыстарды нақтылауға қатысты болды.

Сессияның жұмысы ашық форматта өтіп, әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде көрсетілді.

 

АБАЙ ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ