Абай облысы мәслихаты аудандардағы өкілдік органдардың қызметіндегі ашықтықты арттыру мақсатында аудандық мәслихаттардың жұмысын ұсынады.

Жарма аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымына 12 депутат сайланды. Оның 11-і – «AMANAT» партиясынан, 1 депутат – «Ақ жол» партиясынан.

11 сессиясы өтті: 3 – кезекті, 8 – кезектен тыс. Барлығы 147 шешім қабылданды, оның ішінде: бюджет және оған өзгерістер енгізу бойынша – 94 шешім, 4 нормативтік-құқықтық акт, 49 өзге құқықтық акт. Тұрғындардың мәселелерін шешу мақсатында жергілікті атқарушы және өзге де органдарға 24 депутаттық сауал жолданды.

Мәслихатта екі тұрақты комиссия жұмыс істейді. 3 отырыс өткізіліп, 14 мәселе қаралды. Отырыстарда әлеуметтік-экономикалық даму, инженерлік инфрақұрылым, коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік сала, қоғамдық қауіпсіздік, абаттандыру және тазалық мәселелері талқыланып, тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстар берілді.

2026 жылға арналған жұмыс жоспары ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын, бюджет пен қаржы тиімділігін, кәсіпкерлік пен аграрлық саланы қолдауды, экология, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, құқық және депутаттық этика мәселелерін қамтиды деп жоспарланып отыр.