Абай облысы мәслихаты аудандардағы өкілдік органдардың қызметіндегі ашықтықты арттыру мақсатында аудандық мәслихаттардың жұмысын ұсынады.

Жаңасемей ауданының мәслихат құрамында 4 депутат бар. Биыл аудандық мәслихат 9 сессия өткізді: 3 – кезекті, 6 – кезектен тыс. Есептік кезеңде 166 шешім қабылданды, оның ішінде 6 нормативтік-құқықтық акт.

Биыл 16 депутаттық сауал жолданды. Сауалдар жылыту маусымына дайындық, медициналық пункттерді мамандармен қамтамасыз ету, ауыз су, электр жүйелерін жөндеу, көше жарығы, ішкі жолдар, спорт және мәдени нысандар, интернет сапасы, ветеринариялық пункттер және жер мәселелері бойынша берілді.

Мәслихат жанында экономика және бюджет, агроөнеркәсіптік кешен, экология, әлеуметтік сала, депутаттық өкілеттік және әдеп мәселелері бойынша тұрақты комиссия жұмыс істейді. Комиссия 8 отырыс өткізіп, 42 мәселе қаралды.
 
Мәслихат депутаттары білім беру мекемелерінің қамқоршылық кеңестері мен аудандық комиссиялардың құрамында жұмыс істейді. Барлық өтініш мәслихат құзыреті аясында заңнамаға сәйкес қаралады.