
Абай облысы мәслихаты аудандардағы өкілдік органдардың қызметіндегі ашықтықты арттыру мақсатында аудандық мәслихаттардың жұмысын ұсынады
Үржар аудандық мәслихаты 2025 жылы 10 сессия өткізді, оның 6-ы – кезектен тыс. Сессиялар барысында бюджет атқарылуы, ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақтылығы, жылу маусымына дайындық, жол қатынасы, жастар саясаты, санитариялық-эпидемиологиялық жағдай, құрылыс жұмыстары, ауылдық округтердің қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша есептер тыңдалып, тиісті шешімдер қабылданды.
Биыл 31 депутаттық сауал тіркелді. Мәслихат депутаттары 45 қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін қарады.
2025 жылы депутаттар көктемгі егістік науқаны кезінде шаруашылық иелерімен тығыз байланыста жұмыс жүргізді. «Мектепке жол» акциясы аясында депутаттар аз қамтылған отбасылардың балаларын оқу құралдарымен қамтамасыз етті.