Бүгін өткен сессияда өңір тұрғындары үшін маңызды мәселелер қаралды. Облыс әкімінің орынбасары С.Төленбергенов депутаттарға қысқы маусымға дайындық барысы туралы есеп берді. Сондай-ақ Семей қаласындағы жолаушылар тасымалы мәселесі көтерілді. Қала тұрғындарының қауіпсіз әрі қолайлы қатынауы үшін атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалды.
Депутаттар 2025–2027 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер енгізді. Бұл қаражатты тиімді жоспарлап, өңірдің дамуына жұмсауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ортақ су пайдалану қағидалары бекітілді.
Сессия соңында мәслихат төрағасы Ш.Байбеков көктемгі су тасқыны қатерінің алдын-алу жұмыстарының барысы туралы сауалын жолдады.
Сессия соңында облыс әкімі Б.Уәли қорытынды сөз сөйлеп, қабылданған шешімдердің өңірдің дамуына оң әсер ететіндігіне тоқталды.